Инсталляторлар параметрлерін конфигурациялау

"Лаборатория Касперского" бағдарламаларын желіге орналастыруға кіріспес бұрын, орнату параметрлерін – бағдарламаны орнату барысында конфигурацияланатын параметрлерді анықтап алу керек. Желілік агентті орнатқан кезде, ең болмағанда, Басқару серверіне қосылуға арналған мекенжайды, proxy параметрлерін және бәлкім, кейбір қосымша параметрлерді белгілеу қажет. Таңдалған орнату тәсіліне байланысты, параметрлерді әртүрлі тәсілдермен белгілеуге болады. Ең қарапайым жағдайда (таңдалған құрылғыға қолмен интерактивті түрде орнатылған кезде), қажетті параметрлерді инсталлятордың пайдаланушы интерфейсі арқылы белгілеуге болады, осылайша кейбір жағдайларда бастапқы орналастыру тіпті пайдаланушыларға инсталлятор интерфейсінде енгізуі тиіс болатын параметрлерді (Басқару сервері мекенжайлары және т.с.с.) көрсету арқылы Желілік агенттің дистрибутивіне сілтеме жіберу арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін.

Параметрлерді конфигурациялаудың бұл тәсілі пайдаланушылар үшін қолайсыз болғандықтан және олардың параметрлерді қолмен белгілеуіндегі қателіктер туындауының жоғары ықтималдығына байланысты, тәжірибеде қолдануға ұсынылмайды және құрылғылар тобына бағдарламаларды тыныш орнатуға жарамайды. Әдеттегі жағдайда, әкімші алдағыда автономды пакеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін параметрлердің мәндерін орталықтандырылған түрде көрсетуі керек. Автономды пакеттер, әкімші белгілеген параметрлері бар дистрибутивтердің өздігінен ашылатын мұрағаттары болып саналады. Автономды пакеттер, соңғы пайдаланушылардың жүктеп алуы үшін және желідегі таңдалған құрылғыларға тыныш тәсілмен орнатуы үшін қолжетімді ресурстарда (мысалы, Kaspersky Security Center веб-серверінде) орналастырылуы мүмкін.

Басына оралу